12 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №51

341 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
2016 жылғы 19 ақпан,  Астана қаласы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін. 2. «Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12676 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2017 жылы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4-тармағы 2) тармақшасын және 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №51 бұйрығына қосымша Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібін анықтайды. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы аумағында қызмет жасайтын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне (жекелеген бөлімшелер) қатысты. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады: 1) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор; 2) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда). 3. Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді енгізу арқылы қалыптастырылады. 4. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін (қоса санағанда): 1) қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол; 2) электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынылады. Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер осы тармақта көрсетілген нысанына сәйкес келмей ұсынылған жағдайда, осындай мәліметтер қараусыз қайтарылады. 5. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді іліспе хатпен жолдайды. 6. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынылған жағдайда үкіметтік емес ұйымдар: 1) веб-порталда көрсетілген нұсқама бойынша мәліметтерді енгізуден кейін берілетін логин мен құпиясөз арқылы веб-порталға кіреді; 2) дерекқор тіркеу нөмірі берілу арқылы веб-порталда тіркеледі; 3) веб-порталға мәліметтерді енгізеді. 7. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді алған кейін, оларды уақтылығына, толығы мен анықтылығына тексереді. Мәліметтер, уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды. Мәліметтер, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда, уақтылы болып саналады. 8. Мәліметтер уақтылы, толық және анық болған жағдайда, Дерекқорға енгізіледі. Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе көріне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексімен бекітілген тәртібі бойынша шараларды қабылдайды. 9. Осы Қағидалардың қосымшасындағы «Жалпы мәліметтер» 1-тарауында (қызметкерлер туралы мәліметтерді қоспағанда), «Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер» 3-тараудың 4-бөлімінің 3-тармағында көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйым осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма күннің ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тәртібі бойынша ұсынады. 10. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер келгеніне қарай Дерекқорды жаңартады. 11. Үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйым Бизнес-сәйкестендіру нөмірлер Ұлттық тізілімінен жою туралы ақпарат алынған немесе анықталған күнінен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей Дерекқордан алып тасталынады. Осы тармақта көрсетілген жағдайда уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымды оны Дерекқордан жою туралы күннен бастап он жұмыс күннен ішінде хабардар етеді. 12. Облыстардың, республикалық маңызды қалаларының, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жыл сайын 10 сәуірге дейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша әділет және салық қызметінің аумақтық органдарынан алынған үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс ақпараттары, соңғы есепті мерзімнің аясында салықтық есеп беру фактісі туралы мәліметтер) жалпыланған мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағаз және электрондық түрде ұсынылу тиіс. Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына қосымша Нысан _________________________________________ қызметі туралы мәлімет (үкіметтік емес ұйымның атауы) 1-тарау. Жалпы мәліметтер 1-бөлім. Атауы* 1 Үкіметтік емес ұйымның қазақ тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы 2 Үкіметтік емес ұйымның орыс тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы 3 Үкіметтік емес ұйымның ағылшын тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы (жарғыда болған жағдайда) 4 Үкіметтік емес ұйымның қазақ тіліндегі қысқартылған атауы 5 Үкіметтік емес ұйымның орыс тіліндегі қысқартылған атауы 2-бөлім. Құрылтайшылар туралы мәліметтер**** Құрылтайшы жеке тұлға болған жағдайда: 1 Орыс немесе қазақ тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), 2 Ағылшын тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (шетел азамат үшін) Құрылтайшы заңды тұлға болған жағдайда: 1 Заңды тұлғаның орыс немесе қазақ тіліндегі атауы 2 Заңды тұлғаның ағылшын тіліндегі атауы (шетелдік заңды тұлға үшін) 3 БСН, салық тіркеу нөмірінің аналогы немесе мемлекеттің коды (шетелдік заңды тұлға үшін) 3-бөлім. Қызметкерлер туралы мәлімет 1 Қызметкерлердін саны, оның ішінде: 1.1) Штаттық қызметкерлердің саны 1.2) Еріктілер саны 1.3) Шетел қызметкерлердің саны 2 Басшы туралы мәліметтер: 2.1 Қазақ немесе орыс тіліндегі бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 2.2) Ағылшын тіліндегі бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)** 2.3) Қазақ немесе орыс тіліндегі лауазымның атауы 2.4) Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, құжаттың қолдану мерзімі, құжатты берген орган*** 2.5) Жұмыс тәжірибесі*** 2.6) Байланыс ақпарат*** (пошталық мекенжай немесе қала немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) 2.7) Жеке сәйкестендіру нөмірі*** 2.8) Диплом бойынша мамандығы мен кәсібі*** 2.9) Өзге коммерциялық емес ұйымдарда бірлескен құрылтайшылық (атауы) 3 Бас бухгалтер туралы мәлімет (бар болған жағдайда): 3.1) Қазақ немесе орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 3.2) Байланыс ақпарат (пошталық мекенжай немесе қала немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта)*** 4-бөлім. Ұйымның реквизиттері 1 Үкіметтік емес ұйымның мекенжай және байланыс ақпараты (мемлекет, пошталық мекенжай, электрондық пошта, телефон нөмірі, сайттың мекенжайы(бар болған жақдайда)) 2 Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің (мемлекеттік қайта тіркеудің бар болған жағдайда көрсету) күні мен нөмірі 3 Бизнес сәйкестендіру (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап) 4 Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі (бар болған жағдайда) 5 Үкіметтік емес ұйымның банк шотының реквизиттері (банктің атауы, банктің бизнес сәйкестендіру нөмірі, есеп айыру шоттың нөмірі (ЕШН))*** 5-бөлім. Филиалдар және өкілдіктер 1 Қазақ тіліндегі толық атауы 2 Орыс тіліндегі толық атауы 3 Филиалдың (өкілдіктің) есеп тіркеудің, филиалдың (өкілдіктің) есеп қайта тіркеудің күні мен нөмірі (есеп қайта тіркеудің бар болған жағдайда көрсету) 4 Филиалдың (өкілдіктің) мекенжайы 5 Телефон нөмірі, пошталық мекенжайы, электрондық пошта 6 Басшының қазақ тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 7 Басшының орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 2-тарау. Қызмет туралы мәліметтер 1-бөлім. Қызметтің бағыты 1 Үкіметтік емес ұйым қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес) 2 КҰЖЖ мемлекеттік сыныптауыш бойынша коды 3 Мақсатты аудитория/атаулы топ (болған жағдайда) 4 Аймақтық мәртебесі (жарғыда болған жағдайда) 2-бөлім. Есептік мерзімде іске асырылған бағдарламалар/жобалар 1 Донор ұйымның, тапсырыс берушінің, жобаның/бағдарламаның грант берушінің атауы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, қазақстандық халықаралық немесе шетелдік ұйым) 2 Жобаның/бағдарламаның атауы мен мақсаттары 3 Қазақстан Респбликасында іске асырылатын жобаның/бағдарламаның қысқаша сипаттамасы 4 Жобаның/бағдарламаның Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланған фактілік бюджеті немесе фактілік қаржыландыру (сома, теңге) 5 Жобаның/бағдарламаның іске асыру мерзімі 6 Жобаны/бағдарламаны бірлесіп асырушылар (бар болған жағдайда және донорлық ұйыммен, тапсырыс берушімен, грант берушімен келісім шартымен сәйкес келгенде) 7 Іске асырылған жоба туралы қысқаша ақпарат (еркін түрде) 3-бөлім. Іске асырылатын жобалар/бағдарламалар 1 Донор ұйымның, тапсырыс берушінің, грант берушінің атауы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, қазақстандық, халықаралық немесе шетелдік ұйым) 2 Жобаның/бағдарламаның атауы мен мақсаттары 3 Жобаның/бағдарламаның қысқаша сипаттамасы 4 Жобаның/бағдарламаның Қазақстан Республикасында жобаны/бағдарламаны іске асыруына бөлінген бюджеті (жалпы сома, теңге; донорлық ұйыммен келісім шартты жасау уақытында) 5 Жобаның/бағдарламаның іске асыру мерзімі 6 Жобаны/бағдарламаны бірлесіп асырушылар (бар болған жағдайда және донорлық ұйыммен, тапсырыс берушімен, грант берушімен келісім шартымен сәйкес келгенде) 4-бөлім. Серіктестік/ынтымақтастық туралы құжаттар жасалынған ұйымдар/органдар 1 Қазақстан Республикасы немесе шетелдік мемлекеттің мемлекеттік органның атауы 2 Халықаралық немесе шетелдік коммерциялық емес ұйымның атауы 3 Коммерциялық ұйымның атауы 4 Коммерциялы емес ұйымның атауы 3-Тарау. Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер 1-бөлім. Мүлік құрамы 1 Жылжымайтын мүліктің атауы, мекенжайы, мүлікке құқығын көрсетуімен (бар болған жағдайда) 2 Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің атауы, мүлікке құқығын көрсетуімен (бар болған жағдайда) 2-бөлім. Мүлікті қалыптастыру көздері 1 Құрылтайшылардың (қатысушылардың, мүшелердің) жалпы түсімдері (сома, теңге) (бар болған жағдайда) 2 Акциялар, облигациялар, өзге де құнды қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақылар, мүдделер), кәсіпкерліктен алынған кірістер және заңмен рұқсат берілген өзге де кірістер (сома, теңге) қалыптастыру көздің атауын көрсетуімен (бар болған жағдайда) 3 Ақысыз алынған мүлік (гранттар, мемлекеттік сыйлықақылар ақысыз алынған өзге де мүлік) (бар болған жағдайда) 3-бөлім. Қаражатты жұмсау бағыттары 1 Кіріспе жарналар (сома, теңге) 2 Ұстау бойынша шығындар (сома, теңге) 3 Мүшелік жарналар (сома, теңге) 4 Жобаның/бағдарламаның аясында асырылған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар (сома, теңге) 4-бөлім. Бюджет 1 Есептік кезеңі бойынша қаражат крістердің жалпы сомасы (сома, теңге; есептік кезеңнің соңғы күніне) 2 Өткен күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландырудың бюджеті** (сома, теңге) (егер жоба және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдікпен Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырынса) 3 Ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландырдың бюджеті** (сома, теңге) (филиал немесе өкілдік тарапынан гранттар Қазақстан Республикасында бөлінген жағдайда және тиісті бекітілген бюджет болған жағдайда) Қосымша: 1) құрылтай құжаттардың көшірмелері: ____ бет (электрондық нысанында); 2) есептік мерзімі бойынша жыл сайынғы бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі: ____ бет (электрондық нысанында); Ұсынған мәліметтердің толығы мен нақтылығын дәлелдеймін: __________________________________________________ _________ (Бірінші басшының немесе оның орнын басатын тұлғаның (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________ (Мөр орны – қағазды нұсқау үшін) Ескертпе: * мәлімет заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге (мемлекеттік қайта тіркеуге) немесе филиалды (өкілдікті) есеп тіркеуге (есеп қайта тіркеуге) сәйкес толтырылады; ** ұйым шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалы немесе өкілдігі болып табылған жағдайда, көрсетілген тармақты толтыру қажет; *** міндетті емес тармақтар (үкіметтік емес ұйымның қарауына); **** тарау қоғамдық бірлестігі ұйымдық-құқықтық нысанындағы үкіметтік емес ұйымдармен толтырылмайды. Аталған ұйымдар азаматтар-бастамашылар және/немесе қоғамдық бірлестіктердің (аталған қоғамдық бірлестікті құру барысына қатысқан жағдайда) тізімінің көшірмесін ұсыну міндетті. Қазақстан Республикасы аумағында қызметін атқаратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктер (жекелеген бөлімшілер) көрсетілген тарауда оларды құрған заңды тұлға жөнінде мәліметтерді көрсетеді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 1 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13355 болып енгізілді.